Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.03.2025

Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінің басталу уақыты өзгерді 

Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінің басталу уақыты өзгерді 

Фото: gov.kz

Бүгін, 9 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күніндегі жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталатын болды, деп хабарлайды Sport12.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Алғашқы жарыс күнінде ел намысын қазақстандық екі былғары қолғап шебері қорғайды. 

Қазақстан құрамасынан 1/16 финалда Алуа Балқыбекова (50 келі) кениялық Нзивамен қолғап түйістірсе, 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаевамен шеберлік байқасады. 

Дүбірлі додаға ел құрамасынан 12 боксшы аттанды.

Команда сапында Алуа мен Елданадан өзге Назым Қызайбай (48 келі), Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түседі. 



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан