09.03.2025
Шаңғы жарысынан Надежда Степашкина Азияның үздік көрсеткішін тіркеді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Әлем чемпионаты: Надежда Степашкина Азия құрлығындағы ең үздік көрсеткішті тіркеді.
Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.
Бүгін шаңғыдан Тронхейм (Норвегия) қаласында әйелдер арасындағы шешуші 50 шақырымға жалғасқан бәсеке мәресіне жетті.
2023 жылға дейін әйелдер тек 30 шақырымға жарысқан еді.
2025 жылғы әлем чемпионатында әйелдер мен ерлердің құқығы теңестіріліп, арулар да 50 шақырымда жеңімпазды анықтады.
Жарыс жолына нәбәрі 34 спортшы ғана шықты.
Азия құрлығынан 3 қана спортшы қатысты.
Фрида Карлссон (Швеция) - 2:24:55
Хейди Венг (Норвегия) - 2:24:57
Тереза Йохауг (Норвегия) - 2:24:58
24.Надежда Степашкина - 2:43:49
34.Ангелина Шурыга - 1 айналым қалып қойды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан