11.03.2025
Бейбіт Жұқаев Челленджер турнирінде сәтсіздікке ұшырады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Челлленджер турнирінің алғашқы айналымынан әрі аса алмады.
Францияның Шербур қаласында өтіп жатқан доданың 1/16 финалында Бейбіт Жұқаев (АТР: 213) франциялық теннисші Ма Малижге (АТР: 568) жол берді.
Матч ұзақтығы 1 сағат 56 минутты құрады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 1:2 (3:6; 6:2; 4:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 91 250 еуроны құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи