11.03.2025
Қазақстанның үздік фристайлшылары әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бүгін, 11 наурызда Италияның Ливиньо қаласында фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі басталды.
Қазақстандық фристайлшылардың ешқайсысы суперфиналға жолдама ала алмады.
Ерлер арасында үміт артқан жалғыз спортшымыз Павел Колмаков бірінші финалда 13-орынмен шектелді.
Ал әйелдер арасында бақ сынаған Анастасия Городко мен Юлия Галышева алғашқы кезеңде 9-шы және 12-ші орындарды иеленді.
Айта кетейік, 12 наурыз күні параллель-могул бәсекесінде жүлделер сарапқа салынады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи