Матч орталығы
Ла Лига Футбол Малага Малага 1:3 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 16:00 Бүгін Жеңіс Жеңіс Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 17:00 Бүгін Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 17:00 Бүгін Ертіс Ертіс Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 19:00 Бүгін Қайсар Қайсар Премьер-Лига Футбол Ақтөбе Ақтөбе 20:00 Бүгін Ұлытау Ұлытау Бундеслига Футбол Бавария Бавария 23:30 Бүгін Унион Унион Лига 1 Футбол Монако Монако 23:45 Бүгін Ланс Ланс Серия А Футбол Монца Монца 23:45 Бүгін Сассуоло Сассуоло Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 00:00 Ертең Уотфорд Уотфорд Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 00:00 Ертең Челси Челси Ла Лига Футбол Эспаньол Эспаньол 00:00 Ертең Эльче Эльче Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 16:30 Ертең Астон Вилла Астон Вилла Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 16:30 Ертең Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Сток Сток 16:30 Ертең Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Миллуолл Миллуолл 16:30 Ертең Вест Хэм Вест Хэм Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 17:00 Ертең Райо Вальекано Райо Вальекано Серия А Футбол Болонья Болонья 18:00 Ертең Торино Торино Серия А Футбол Удинезе Удинезе 18:00 Ертең Кальяри Кальяри Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 18:30 Ертең Фрайбург Фрайбург

20.03.2025

«Атырау» футбол клубының былықтары әшкереленді

«Атырау» футбол клубының былықтары әшкереленді

Фото: «Атырау» ФК

Атырау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Атырау» футбол клубы ойыншылары мен қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесі бойынша ресми жауап берді.

Бюджетті тиімсіз пайдалану

2023 жылдың ақпанында легионер ойыншыны сатып алу үшін 500,000 еуро аударылды, оның 420,000 еуросы белгісіз Ресей азаматының қалтасына кеткен.

2024 жылдың желтоқсан айында федерация 65 миллион теңге бөлген. Оның 20,4 миллион теңгесі ғана клубтың жағдайы үшін жұмсалған. Ал 30 миллион теңге жеткізілмеген тауар үшін жұмсалған.

Сенімгерлік басқару шартын бұзу

Клубтың 662,7 млн теңге көлеміндегі табысының 132,5 млн теңгесі бюджетке аударылмаған.

Клубтың құрылтайшысы алдында қаржылық есептілікті жүйелі түрде ұсынбау.

Футболшылардың жалақысы бекітілген 2 млн теңге лимитінен асып, 3 млн теңге төленген, ал бас бапкердің жалақысы 4 млн теңгені құраған.

«Судоремонтник» стадионы мен команданың автобусы жалға алу шартынсыз заңсыз пайдаланылған.

Жабдықтардың бағасын негізсіз көтеру (мысалы, 200-300 мың теңге тұратын кір жуатын машина 1,8 млн теңгеге сатып алынған).

2025 жылдың қаңтар айы үшін Басқармаға алдын ала келісусіз және құжаттық растамасыз 233 млн теңгеге шот ұсынылған.

Спорттағы төмен нәтижелер

Клуб Қазақстан кубогының финалдарына (2018, 2019, 2024 жж.) қатысқанымен, чемпионатта 7-орыннан жоғары көтерілмеген.

Клуб сапында Қазақстан құрамасы мен еуропадағы топ-лигаларға шақырту алған ойыншылар болмаған.

Жергілікті ойыншылардың қысқаруы

2021 жылы 16 жергілікті ойыншы болса, 2024 жылы олардың саны 5-ке дейін азайған. Ал шетелдік футболшылар саны 12-ге жеткен. Бұл жағдай отандық спортшылардың дамуына кері әсер етеді.

Прокуратура шешімі

Анықталған заң бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы нұсқама берілді. Осыған байланысты, Басқармаға сенімгерлік басқару шартын бұзу, клубты мемлекеттік меншікке қайтару, заңсыз пайдаланылған қаражатты қайтару, шетелдік ойыншылардың санын қысқартып, жергілікті спортшыларды дамытуға басымдық беру және бюджет қаражатын қайта қарау ұсынылды.

Қазіргі уақытта клубты мемлекеттік меншікке қайтару және ойыншылар мен қызметкерлердің жалақысын уақытылы төлеу бойынша шаралар қабылдануда.


Біздің серіктес: Sport12kz