23.04.2025
Қазақстандық клубтар УЕФА тарапынан қомақты қаржыға ие болды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
УЕФА халықаралық футболға ойыншыларын жібергені үшін қазақстандық клубтарға 2,3 миллион еуродан астам қаржы төледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
УЕФА бағдарламасына сәйкес, 2020-2024 жылдар аралығында халықаралық футболға ойыншыларын жіберген ұйымға мүше 55 елдің барлық 901 клубына жалпы көлемі 233 миллион еуро үлестірілді.
Оның ішінде қазақстандық клубтар аталған соманың 2 308 829 еуросына ие болды. Бұл төлемдер отандық командаларға 2020-2024 жылдар арылығында Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі мен Ұлттар лигасына ойыншыларын жібергені үшін берілді. Сонымен қатар, клубтарымыз легионерлері өз құрамасының намысын қорғағаны үшін де қосымша табыс тапты.
Қазақстандық клубтардың қалтасына қанша қаржы түсті?
- «Астана» – 673 256 еуро;
- «Тобыл» – 347 605 еуро;
- «Ордабасы» – 270 766 еуро;
- «Қайрат» – 263 448 еуро;
- «Шахтёр» – 168 314 еуро;
- «Ақтөбе» – 208 563 еуро;
- «Тараз» – 95 134 еуро;
- «Қайсар» – 84 157 еуро;
- «Жетісу» – 58 544 еуро;
- «Ақсу» – 36 590 еуро;
- «Қызылжар» – 29 272 еуро;
- «Каспий» – 29 272 еуро;
- «Мақтаарал» – 21 954 еуро;
- «Тұран» – 14 636 еуро;
- «Атырау» – 7 318 еуро.
Біздің серіктес: Sport12kz
Азамат Бақи