Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 1:0 Аяқталды ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 1:0 Аяқталды Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 2:1 Аяқталды Аль-Садд Аль-Садд Ұлттық лига Хоккей Давос Давос 2:4 Аяқталды Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 4:3 Пенальтиден соң Рапперсвиль Рапперсвиль Ұлттық лига Хоккей Лугано Лугано 3:6 Аяқталды Биль Биль Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 1:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 1:1 Аяқталды КПР КПР Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 0:4 Аяқталды Престон Престон Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 1:0 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 2:1 Аяқталды Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 4:0 Аяқталды Линкольн Линкольн Чемпиондар лигасы Футбол Арсенал Арсенал 1:1 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 0:2 Аяқталды Бетис Бетис Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:2 Аяқталды Наполи Наполи Чемпиондар лигасы Футбол Комо Комо 1:0 Аяқталды АЕК АЕК Еуролига Баскетбол Барселона Барселона 77:83 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 3:0 Аяқталды Дерби Дерби Чемпиондар лигасы Футбол Лейпциг Лейпциг 3:1 Аяқталды Ланс Ланс Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 0:1 Аяқталды Порту Порту

17.01.2026

Қазақ футзалының аңыз ойыншысы жаңа қызметке тағайындалды

Қазақ футзалының аңыз ойыншысы жаңа қызметке тағайындалды

Қазақ футзалының аңызы Дінмұхамбет Сүлейменов ұлттық құраманың бапкерлер штабына қосылып, команда бас бапкерінің ассистенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz

Сүлейменов ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Рикардо Камара Собралдың (Какау) штабында жұмыс істейді. Ол бұған дейін Какаудың жетекшілігімен Қазақстан ұлттық құрамасында және «Қайрат» АФК сапында ойнап, клубтық және халықаралық деңгейде бірқатар жетістікке жеткен.

Дінмұхамбет Сүлейменов – Ақтау футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 1999 жылы «Ақтау» МФК құрамында бастады. 2001 жылы Тегеран қаласында Иран құрамасына қарсы өткен матчта Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

«Қайрат» АФК құрамында Қазақстанның он дүркін чемпионы, футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы. Үш рет Қазақстанның үздік футзалшысы деп танылған.

Дінмұхамбет Сүлейменов Қазақстан құрамасы сапында 100 матч өткізіп, команда тарихында ең көп ойын өткізген футболшының бірі. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Игита мен Шыңғыс Есенамановқа жол береді. Ұзақ жылдар бойы ұлттық құраманың капитаны болып, команданың негізгі көшбасшысының бірі саналды.

Ойыншы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін «Каспий» футзал командасында бас бапкері болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Ордабасы» клубының бапкерлер штабында болды. Қазіргі таңда «Тараз-Омега» командасында бас бапкер болып қызмет атқарады.


Біздің серіктес: Sport12kz