02.11.2026
Футзалдан Қазақстан құрамасының Беларуське қарсы матчқа арналған құрамы белгілі болды
Футзалдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Беларуське қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа арналған құрамы белгілі болды. Ұлттық команда сапына 17 ойыншы енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қақпашылар қатарында Игита, Талғат Өтепбергенов және Нарун Сериков бар.
Ал алаң ойыншыларының тізіміне Биржан Оразов, Жахангир Рашит, Арнольд Кнауб, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас, Эдсон, Дамир Қайырбай, Нұрқанат Бақтияров, Александр Дерябин, Ринат Торегазин, Альберт Ақбалықов, Азат Валиуллин және Дәурен Тұрсағұлов енді.
Қазақстан Беларусьпен қайта кездеседі
Еске салайық, командалар іріктеу кезеңінің екінші турында кездесіп, Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Төртінші тур аясындағы қарымта матч 10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні Словакияның Гуменне қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz