6 күн бұрын
Испания финалда Бразилияны ірі есеппен жеңді
Испания құрамасы футзалдан 2026 жылғы Финалиссиманың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рио-де-Жанейрода өткен финалдық кездесуде испаниялықтар турнир қожайыны Бразилияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Барлық гол матчтың соңғы бөлігінде соғылды. 32-минутта Кастехон есеп ашса, араға жеті минут салып Сесилио Испанияның басымдығын еселей түсті. Ал кездесудің соңғы секундында Антонио Перес қорытынды есепті белгіледі.
Сондай-ақ 39-минутта бразилиялықтар пенальтиді пайдалана алмады.
Бұған дейін үшінші орын үшін өткен матчта Аргентина Португалияны 3:1 есебімен жеңді. Айта кетейік, Португалия 2022 жылы турнирдің алғашқы жеңімпазы атанған болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz