3 сағат бұрын
Қазақстан студенттер лигасының жеребесі тартылды
Фото: ҚФФ
Еліміздегі ауқымды бұқаралық жоба Қазақстан студенттер лигасының жаңа маусымына қатысатын қыздар мен ұлдар командаларының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Нәтижесінде командалар өз топтарына бөлініп, турнирдегі қарсыластары анықталды.
Ұлдар арасындағы командалар үш топқа бөлінді.
А тобы:
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті
«Тұран» университеті
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (АГЭУ)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Astana IT University (AITU)
В тобы:
Қазақ ұлттық спорт университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Astana International University (AIU)
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Coventry University Kazakhstan
С тобы:
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі
Назарбаев Университеті
Астана медицина университеті
Сүлейман Демирел атындағы университет (SDU University)
ESIL University
Ұлдар арасындағы ойындар Air Arena спорт кешенінде өтеді.
Қыздар арасындағы командалар екі топқа бөлінді.
А тобы:
Назарбаев Университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақ ұлттық спорт университеті
Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжі
В тобы:
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
«Тұран» университеті
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қыздар арасындағы кездесулер «Назарбаев Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Қазақстан студенттер лигасы – еліміздегі студенттер арасында футболды дамытуға және жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба.
Еске салсақ, қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасына тағайындалды.
Біздің серіктес: Sport12kz