Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

24.01.2025

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

Фото: kff_team_futsal

19 жасқа дейінгі Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде қырғызстандық қатарластарын тізе бүктірді.

«Олимпия» спорт кешенінде өткен матч 2:0 есебімен біздің жігіттердің пайдасына аяқталды.

Гол авторлары: Исмаилов (1:0), Гайдаржи (2:0).

Ойын Түркістанда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында өтті. 14–26 қаңтар аралығында өтіп жатқан ОЖЖ-да команда ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Каканың басшылығымен жаттығып жатыр.

Қос тарап арасындағы екінші ойын ертең, 25 қаңтар, кешкі сағат 17:00-де дәл осы аренада өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан