1 сағат бұрын
«Барыс» бүгін «Автомобилистпен» кездеседі
26 қазанда Екатеринбургте Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Автомобилист» пен астаналық «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
«Барыс» 18 матчтан кейін 21 ұпай жинап отыр. Ал «Автомобилист» дәл осындай ойын санынан кейін 18 ұпайға ие.
Астаналық клуб соңғы кездесуінде сырт алаңда «Адмиралға» овертаймда 4:5 есебімен есе жіберді. Ал «Автомобилист» өз мұз айдынында ЦСКА-ны 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Бұл маусымда командалар бір рет кездескен. 14 қазанда Астанада өткен ойында «Барыс» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Соңғы бес өзара кездесудің үшеуінде елордалық клуб басым түссе, екі матчта «Автомобилист» жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz