2 сағат бұрын
«Барыс» басымдығын сақтай алмай «Адмиралдан» жеңіліп қалды
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында сырт алаңда Владивостоктың «Адмирал» клубымен кездесіп, 4:5 есебімен есе жіберді.
Матчты белсенді бастаған қазақстандық команда Асанәлі Сәркенов пен Логан Дэйдің шайбаларының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Алайда алаң иелері есепті теңестіріп үлгерді. Кейін Әлихан Өмірбеков «Барысты» қайтадан алға шығарғанымен, екінші үзіліске дейін «Адмирал» тағы екі шайба соғып, есепте басымдыққа ие болды.
Үшінші кезеңде қос команда да шабуылын үдетіп, гол алмасуды жалғастырды. Дегенмен астаналық клуб таразы басын теңестіре алмады. Нәтижесінде матч 5:4 есебімен «Адмиралдың» пайдасына аяқталды.
«Барыс» келесі кездесуін 8 қарашада сырт алаңда Хабаровскінің «Амур» клубына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz