3 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Қытайды айқын басымдықпен жеңді
Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионатындағы екінші ойынында Қытайды 5:0 есебімен тізе бүктірді. Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен кездесуде Талғат Жайлауов шәкірттері қарсылас қақпасына бес шайба соғып, өз қақпасына бірде-бір гол жібермеді.
Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде Максим Мұхаметов Қазақстанды алға шығарды. Араға көп уақыт салмай, Саян Данияр есепті 2:0-ге жеткізді.
Шешуші кезеңде отандастарымыз тағы үш шайба соқты. Артур Гатиятов, Оскар Юлбарисов және Кирилл Никитин қарсылас қақпасын дәл көздеп, Қазақстанның ірі жеңісіне нүкте қойды.
Енді ұлттық құрама 8 қарашада турнир қожайыны Оңтүстік Кореямен кездеседі. Матч Астана уақытымен 13:30-да басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz