8 сағат бұрын
«Барыс» «Амурға» қарсы матчқа құрамын жариялады
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында хабаровскілік «Амурға» қарсы өтетін сырт алаңдағы матчқа қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барыстың» құрамы:
Шепард (Шутов);
Масси — Дэй, Өмірбеков — Шестаков — Қайыржан;
Маккошен — Данияр, Логвин — Пилон — Бэйли;
Бритиков — Приски, Симонов — Морелли — Томпсон;
Ляпунов — Оразов, Сәркенов — Шайхмедденов — Әсетов.
«Амур» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 12:00-де басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Осы маусымда 23 матч өткізген қазақстандық клубтың еншісінде 25 ұпай бар. Ал «Амур» 22 кездесуден кейін 23 ұпай жинаған.
Біздің серіктес: Sport12kz