7 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының шешуші матчына құрамын жариялады
Қазақстан құрамасының хоккейден 2027 жылғы Азия чемпионаты аясында Оңтүстік Кореяға қарсы өтетін шешуші матчқа қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Нүрек (Кудрявцев);
Никитин — Бутенко, Гусейнов — Данияр — Ғатиятов;
Михайлов — Түсіпбеков, Рымарев — Борисевич — Гросс;
Александров — Хорошев, Мұхәметов — Гренц — Юлбарисов;
Королев — Макаров, Мигунов — Маңғысбаев — Мерзликин.
Қазақстан — Оңтүстік Корея матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 13:30-да басталады.
Бұл ойында турнир жеңімпазы анықталады. Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікті Жапонияны 3:2 есебімен жеңуден бастады. Одан кейін Қытай құрамасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ал Оңтүстік Корея алғашқы матчта Қытайдан 3:1 есебімен басым түсіп, кейін Жапонияға 3:5 есебімен есе жіберді.
Біздің серіктес: Sport12kz