6 сағат бұрын
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші рет жеңілді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда хабаровскілік «Амурмен» кездесіп, қақпасына гол жібермей жеңіле алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Михаил Кравец шәкірттері матчты мына құраммен бастады: Шепард (Шутов) — Масси-Дэй, Өмірбеков-Шестаков-Қайыржан; Маккошен-Данияр, Логвин-Пилон-Бэйли; Бритиков-Приски, Симонов-Морелли-Томпсон; Ляпунов-Оразов, Сәркенов-Шайхмедденов-Әсетов.
Кездесудің алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңнің 37-минутында «Амур» сан басымдығын пайдаланып, есепте алға шықты. Ал ойынның аяқталуына тоғыз секунд қалғанда хабаровскілік команда бос қақпаға шайба салып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Осылайша, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты.
Астаналық клуб келесі кездесуін 12 қарашада өз алаңында «Адмиралға» қарсы өткізеді.
«Амур» — «Барыс» — 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)
Шайбалар: Ли (37:05), Ураков (59:51).
Біздің серіктес: Sport12kz