20 сағат бұрын
«Барыс» бүгін «Адмиралмен» кездеседі
12 қарашада Астанада Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» пен Владивостоктың «Адмирал» командалары кездеседі. Бұл туралы Sport12.kz хабарлайды.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.
«Барыс» 24 матчтан кейін 25 ұпай жинаған. «Адмирал» 23 ойында дәл осындай ұпай еншілегенімен, қосымша көрсеткіштер бойынша астаналық клубтан төмен тұр.
Командалар соңғы рет 6 қарашада кездесіп, Владивостокта «Адмирал» 5:4 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін «Барыс» сырт алаңда «Амурға» 0:2 есебімен жол берді. Бұл астаналық клубтың Құрлықтық хоккей лигасындағы қатарынан үшінші жеңілісі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz