3 күн бұрын
ҚХЛ «Барыстың» «Металлургке» қарсы жеңісін ерекше атап өтті
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты ойын күніндегі ең қызықты сәттерге арналған шолуында астаналық «Барыстың» магнитогорскілік «Металлургті» 5:4 есебімен жеңген кездесуін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚХЛ бұл ойынды «Астанадағы ессіз кездесу» деп сипаттаған.
«„Барыс“ Шығыс конференциясының көшбасшысы „Металлургті“ өз алаңында қабылдады. Кездесу өте тартысты әрі нәтижелі болды. Қонақтар сапынан 19 жастағы қорғаушы Антон Рубин есеп ашты. Алайда кейін өз қақпасына үш шайба жіберіп алды: оның екеуі тең құрамда, тағы бірі азшылықта соғылды.
Одан кейін „Металлург“ есепті қысқартуға тырысты, ал „Барыс“ қарсыласын өзінен алыста ұстады. Магнитогорск командасы есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартқан сайын, астаналықтар тағы бір гол соғып отырды. Бұл заңдылық тек ойынның соңында бұзылды. Матчтың аяқталуына бір минуттан сәл астам уақыт қалғанда қонақтар есеп айырмасын тағы қысқартты. Алайда таразы басын теңестіруге уақыт жетпеді. „Барыс“ 5:4 есебімен жеңіске жетті», – деп жазды лига сайты.
Айта кетейік, Михаил Кравец шәкірттері келесі кездесуін 18 қарашада сырт алаңда өткізеді. Астаналық клуб Уфа қаласында «Салават Юлаевпен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz