Матч орталығы
КХЛ Хоккей ЦСКА ЦСКА 4:2 Аяқталды Локомотив Локомотив Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 83:79 Аяқталды Реал Реал Испания кубогы Футбол Утебо Утебо 0:3 Аяқталды Сабадель Сабадель ФИБА Еуропа кубогы Баскетбол Вилки Морские Вилки Морские 95:76 Аяқталды Виенна Виенна Испания кубогы Футбол Португалете Португалете 0:0 Пенальтиден соң Реал Унион Реал Унион Лига ICE Хоккей Вена Кэпиталз Вена Кэпиталз 5:1 Аяқталды Олимпия Олимпия Чемпиондар лигасы Хоккей Айсбарен Айсбарен 9:2 Аяқталды Коокоо Коокоо Чемпиондар лигасы Хоккей Фрибург Фрибург 3:3 Аяқталды Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Цуг Цуг 3:0 Аяқталды Ажуа Ажуа Испания кубогы Футбол Алькояно Алькояно 1:3 Қос. уақытта Мальорка Мальорка Испания кубогы Футбол Бадахос Бадахос 2:5 Аяқталды Тенерифе Тенерифе Испания кубогы Футбол Депортива Минера Депортива Минера 1:2 Қос. уақытта Картахена Картахена Испания кубогы Футбол Реус Реддис Реус Реддис 1:1 Пенальти Баракальдо Баракальдо НБА Баскетбол Денвер Денвер 07:30 Бүгін Бостон Бостон КХЛ Хоккей Металлург Металлург 19:00 Бүгін Трактор Трактор КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 21:30 Бүгін Спартак Спартак КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 21:30 Бүгін СКА СКА Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 00:00 Ертең Цюрих Цюрих Итоговый турнир мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 00:30 Ертең Артур Филс Артур Филс НХЛ Хоккей Тампа Тампа 05:30 Ертең Эдмонтон Эдмонтон

2 күн бұрын

ҚХЛ: «Барыстың» елордадағы үш матчының басталу уақыты өзгертілді

ҚХЛ: «Барыстың» елордадағы үш матчының басталу уақыты өзгертілді

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубының Астанада өтетін үш ойынның басталу уақыты ауысты. Мұндай шешім Құрлықтық хоккей лигасының ойындарды телеарналар арқылы тікелей көрсету кестесіне байланысты қабылданған.

Барлық матч Қазақстан уақытымен өтеді.

Атап айтқанда, 6 желтоқсанда «Спартакпен» (Мәскеу) өтетін ойынның басталуы 17:00-ден 16:30-ға шегерілді. 23 желтоқсанда «Ак Барсқа» (Қазан) қарсы кездесу 19:30-дың орнына 19:00-де басталады. Ал 29 желтоқсанда мәскеулік «Динамомен» өтетін матч та 19:30-дан 19:00-ге ауыстырылды.

Қазіргі таңда «Барыс» ҚХЛ-дың 26 ойынынан кейін 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр.

Михаил Кравец бастаған команда келесі екі кездесуін сырт алаңда өткізеді. 18 қарашада Уфаның «Салават Юлаев» клубымен кездессе, 20 қарашада Омбыда «Авангардқа» қарсы ойнайды.

Айта кетейік, елордалық клуб соңғы төрт маусымда ҚХЛ плей-офф кезеңіне өте алмады. Биыл команда бұл нәтижені өзгертіп, плей-офф жолдамасына қол жеткізуді көздеп отыр.



Біздің серіктес: Sport12kz