14 сағат бұрын

«Барыс» Уфада «Салават Юлаевпен» кездеседі

«Барыс» Уфада «Салават Юлаевпен» кездеседі

18 қараша, сәрсенбі күні Уфада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Салават Юлаев» пен «Барыс» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Салават Юлаев» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Құрлықтық хоккей лигасының осы маусымында 26 матч өткізген «Барыстың» еншісінде 29 ұпай бар. Ал 27 ойыннан кейін «Салават Юлаев» 28 ұпай жинаған.

«Барыс» соңғы кездесуінде өз алаңында Шығыс конференциясының көшбасшысы «Металлургті» 5:4 есебімен жеңді. Ал «Салават Юлаев» бұған дейінгі матчта «Адмиралдан» 6:5 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, қос команда осы маусымда бір рет кездескен. 9 қыркүйекте Астанада өткен тартысты матчта алаң иелері 8:6 есебімен жеңіске жеткен еді.



Біздің серіктес: Sport12kz