2 сағат бұрын
Пеп Гвардиола Сауд Арабиясына қызметке бара ма?
«Манчестер Ситидің» бұрынғы бас бапкері Пеп Гвардиоланың агенті Жозеп Мария Орович испан маманы Сауд Арабиясынан бірнеше ұсыныс алғанын, алайда оларды қарастырудан бас тартқанын мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Соңғы күндері біз делдалдар арқылы Сауд Арабиясынан ұсыныстар алдық. Гвардиола оларды қарастырудан да үзілді-кесілді бас тартып отыр. 55 жастағы бапкер келесі маусым басталғанға дейін өз болашағын талқылауға ниетті емес. Сондай-ақ маман АҚШ құрамасын басқаруды жоспарлап отырған жоқ, - деді ол.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі алдында қай себетке орналасқаны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz