3 сағат бұрын

IIHF Ресейге қатысты CAS шешіміне шағым түсіру себебін түсіндірді

IIHF Ресейге қатысты CAS шешіміне шағым түсіру себебін түсіндірді

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Спорттық арбитраж сотының (CAS) Ресей құрамаларын халықаралық жарыстарға қайтару туралы шешім шығарған екі төрешінің тәуелсіздігіне күмән келтірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әңгіме италиялық Джулио Палермо мен мысырлық Исмаиль Селим туралы болып отыр. Мәліметке сәйкес, екеуі де істі қарауға дейін Мәскеуде өткен Ресей халықаралық арбитраж конгресінің іс-шараларына қатысқан. IIHF өкілдерінің айтуынша, төрешілер бұл сапарлары туралы алдын ала хабарламаған.

Ал төрелік алқаның үшінші мүшесі — британиялық Марк Хауэллді IIHF өзі таңдаған. Федерация оның кандидатурасына қатысты ешқандай қарсылық білдірмеген.

IIHF баспасөз қызметінің жетекшісі Таня Хаймлих федерацияның өтініш беру мақсатын «мәселеге анықтық енгізу» деп түсіндірді.

CAS IIHF-тің тиісті өтінішін алғанын растады. Палермо мен Селимді істен шеттету туралы мәселені Халықаралық спорттық арбитраж кеңесінің комиссиясы қарайды.



Біздің серіктес: Sport12kz