6 күн бұрын
Бүгін Құрлықтық хоккей лигасында бес матч өтеді
Бүгін, 20 қарашада, Құрлықтық хоккей лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы тұрақты чемпионат ойындары жалғасады. Бұл күні бес кездесу өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
20 қарашаға жоспарланған матчтар (Қазақстан уақыты):
- 18:30. «Сибирь» – «Автомобилист»;
- 19:30. «Авангард» – «Барыс»;
- 22:00. «Северсталь» – «Амур»;
- 22:00. «Торпедо» – «Локомотив»;
- 22:30. «Шанхай Дрэгонс» – ЦСКА.
Қазіргі таңда Батыс конференциясының турнир кестесінде 27 ойыннан кейін 42 ұпай жинаған ЦСКА көш бастап тұр. Ал Шығыс конференциясында 29 матчта 43 ұпай еншілеген «Металлург» бірінші орында келеді.
2026/2027 жылғы тұрақты чемпионат 2027 жылдың 20 наурызына дейін жалғасады. Плей-офф кезеңі 23 наурыз бен 23 мамыр аралығында өтеді. Әр команда әдеттегідей 68 матчтан өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz