22 сағат бұрын
«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасында кезекті ойынын өткізеді
Бүгін, 25 қарашада, Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен Череповецтің «Северсталь» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
29 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 29 ұпай бар. Ал «Северсталь» осы уақытқа дейін 38 ұпай жинаған.
«Барыс» тұрақты чемпионаттағы соңғы кездесуінде өз алаңында Минскінің «Динамосына» 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл Михаил Кравец шәкірттерінің Құрлықтық хоккей лигасындағы қатарынан үшінші жеңілісі болды.
Ал «Северсталь» соңғы матчында сырт алаңда Новосібірдің «Сибирь» командасын 4:2 есебімен жеңіп, жеңісті сериясын алты ойынға дейін ұзартты.
Екі команда арасындағы соңғы кездесу биыл ақпанда Астанада өтіп, Череповец клубының овертаймда 3:2 есебімен жеңісімен аяқталған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz