Матч орталығы
КХЛ Хоккей Барыс Барыс 19:00 Бүгін Северсталь Северсталь УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол Градец-Кралове U19 Градец-Кралове U19 21:00 Бүгін Кайрат U19 Кайрат U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Локомотив Локомотив Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 22:45 Бүгін Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Славия Славия 22:45 Бүгін Вильярреал Вильярреал Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 Ертең Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:45 Ертең Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 00:45 Ертең Бирмингем Бирмингем Чемпиондар лигасы Футбол Интер Интер 01:00 Ертең Штутгарт Штутгарт Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 01:00 Ертең Рома Рома Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 01:00 Ертең Викинг Викинг Чемпиондар лигасы Футбол Спортинг Спортинг 01:00 Ертең Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Брюгге Брюгге 01:00 Ертең Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 01:00 Ертең Бавария Бавария Чемпионшип Футбол Сток Сток 01:00 Ертең Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 01:00 Ертең Фенербахче Фенербахче НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 07:30 Ертең Монреаль Монреаль Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:30 Ертең Мьельбю Мьельбю КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Ертең ЦСКА ЦСКА Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 22:45 Ертең Хапоэль Хапоэль

3 сағат бұрын

«Барыс» бүгін қатарынан алты рет жеңген «Северстальға» қарсы ойнайды

«Барыс» бүгін қатарынан алты рет жеңген «Северстальға» қарсы ойнайды

Бүгін, 25 қарашада елордалық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында өз алаңында череповецкінің «Северсталь» клубын қабылдайды.

Астанада өтетін кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Қазіргі уақытта «Барыс» 29 ойыннан кейін 29 ұпай жинап, турнир кестесінде плей-офф аймағынан тыс тұр. Ал «Северсталь» еншісінде 38 ұпай бар.

Елордалық клуб соңғы ойынында өз мұз айдынында минскілік «Динамоға» 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, Михаил Кравец шәкірттері ҚХЛ тұрақты чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр.

Ал череповецкілік команда жеңісті жолын жалғастыруда. Соңғы кездесуінде «Северсталь» сырт алаңда новосібірлік «Сибирьді» 4:2 есебімен ұтып, қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Қос команда бұған дейін биыл ақпан айында Астанада кездескен. Сол ойында «Северсталь» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бүгінгі матч «Барыс» үшін жеңіліс сериясын тоқтатып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қонақтар қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізуді көздейді.



Біздің серіктес: Sport12kz