3 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» алдағы үш ойынға құрамын жариялады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынына арналған құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Елордалық клуб Алдымен 27 қарашада Ресейде СКА клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 29 қарашада «Нефтехимик» (Нижнекамск), 1 желтоқсанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады.
Қақпашылар: Дмитрий Николаев,Владислав Нурек, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Мәди Диқанбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәли Саркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстандық команда 30 ойыннан кейін 31 ұпаймен он алтыншы орында келеді.
Айта кетсек, «Барыс» үш ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.
Біздің серіктес: Sport12kz