07.03.2025
Еуропа лигасы: Өзбекстанның сұрмергені «Ромаға» жеңіс сыйлады
Италияның «Рома» клубы Еуропа Лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта испандық «Атлетикті» жеңді.
Кездесу Римде өтті. Қонақтар 50-минутта Иньяки Уильямстың голынан кейін алғаш болып есеп ашты.
56-минутта Анхелиньо есепті теңестірді. Ал 93-минутта Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов жеңіс голын соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов