1 күн бұрын
Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Душанбеде екінші орын алды
Қазақстан жастар құрамасы Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен дзюдодан Гран-при жарысында жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген жастар арасындағы тұңғыш Гран-при турниріне 19 елден 277 спортшы қатысты.
Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі қола медаль жеңіп алды. 78 келіге дейінгі салмақта Салтанат Ахметова, ал 100 келіден жоғары салмақта Шерхан Алпанов жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Осылайша, қазақстандық дзюдошылар турнирді екі алтын және үш қола медальмен аяқтап, 19 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Sport12kz