9 сағат бұрын
Әбиба Әбужақынова Загреб Гран-приінде алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды
Әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирін сәтсіз бастады.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы 1/8 финалда польшалық Виктория Шлёнзокқа есе жіберді. Белдесу тағдырын қарсыласының еншісіне жазылған бір «юко» ұпайы шешті. Нәтижесінде отандасымыз жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, Әбиба әлемдік рейтингте 21-орында болса, оның қарсыласы 98-сатыда тұрған. Арадағы 77 орындық айырмашылыққа қарамастан, польшалық дзюдошы жеңіске жетті.
Еске салайық, Әбужақынова 2022 және 2024 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2025 жылы күміс медаль иеленген. Сонымен қатар Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері және Гран-при турнирлерінің екі дүркін чемпионы.
Біздің серіктес: Sport12kz