3 сағат бұрын
Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
30 қараша – 4 желтоқсан аралығында Ақтөбедегі «Жекпе-жек» спорт кешенінде 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 900-ге жуық жас дзюдошы қатысады. Ұлдар мен қыздар жеке және аралас командалық сайыстарда бақ сынайды.
Чемпионаттың басты мақсаты – үздік жас спортшыларды анықтап, дзюдодан ұлттық құраманың резервін қалыптастыру.
Еске салсақ, Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді.
Біздің серіктес: Sport12kz