3 күн бұрын
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші күнінде жүлдесіз қалды
Ташкентте дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының алты спортшысы татамиге шыққанымен, олардың ешқайсысы финалдық кезеңге өте алмады
Қазақстан құрамасынан 1/8 финалға екі спортшы жолдама алды. 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Досбол Балғабай қытайлық Ши Чжэньюйден жеңілсе, 63 келідегі Айдана Абиханова үндістандық Чанамбам Линтхойға есе жіберді.
Қалған төрт спортшы алғашқы белдесулерінде жеңіліп қалды. Дәмелия Асылханова (63 келіге дейін) словениялық Лейла Мазузиге, Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) нидерландтық Луна де Кокқа жол берді. Ал Омар Нұрбергенов (81 келіге дейін) польшалық Шимон Шуликке, Мұхаммедали Закиров (73 келіге дейін) жапониялық Юра Екооға есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының алты өкілі де әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.
Біздің серіктес: Sport12kz