4 сағат бұрын
Қазақстан дзюдодан кадеттер арасында Гран-при кезеңіне қатысады
Фото: olympic.kz
Дзюдодан Ташкентте (Өзбекстан) өтетін кадеттер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Аталған халықаралық бәсекеде ел намысын он спортшы қорғайды.
Ұлдар:
55 келіге дейін: Ернат Кеңесбек 60 келіге дейін: Расулхан Ғабит, Аслан Ерғалиев
66 келіге дейін: Ерік Үсенов
90 келіден жоғары: Ердәулет Жұмабай
Қыздар:
40 келіге дейін: Адия Жанахмет 57 келіге дейін: Аружан Сәрсенова, Інжу Жұмажан
63 келіге дейін: Әсия Сариева
70 келіден жоғары: Тоғжан Төлебай
Айта кетейік, Гран-при кезеңі 24-25 қараша аралығында өтеді.
Еске салсақ, 30 қараша – 4 желтоқсан аралығында Ақтөбедегі «Жекпе-жек» спорт кешенінде 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz