Матч орталығы
НХЛ Хоккей Даллас Даллас 1:0 Аяқталды Питтсбург Питтсбург НХЛ Хоккей Сент Луис Сент Луис 5:4 Пенальтиден соң Эдмонтон Эдмонтон НБА Баскетбол Нью-Йорк Нью-Йорк 113:106 Аяқталды Индиана Индиана НБА Баскетбол Голден Стэйт Голден Стэйт 88:87 Аяқталды Бостон Бостон ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 18:30 Бүгін Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 18:45 Бүгін Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 19:00 Бүгін Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 23:00 Бүгін Кайрат Алматы Кайрат Алматы А сериясы Футбол Монца Монца 00:45 Ертең Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Ертең Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Ертең Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Ертең Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Ертең ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Ертең Аль-Садд Аль-Садд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 00:45 25.11 Престон Престон Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 00:45 25.11 Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 00:45 25.11 Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 25.11 Линкольн Линкольн

3 сағат бұрын

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте жетінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлем біріншілігінің соңғы күнінде аралас командалық жарыстар өтті. Қазақстандық дзюдошылар 1/8 финалда Жапония құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, ұлттық құрама командалық сайыста жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Жеке жарыстарда Қазақстан қоржынына екі медаль түсті. 100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Санжар Еруланұлы әлем чемпионы атанды. Ол финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңді.

Осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Аскар Биржанов қола медаль иеленді. Ол үшінші орын үшін белдесуде испаниялық Никита Юдановтан басым түсті.

Ал 100 келіден жоғары салмақтағы Әділжан Жаудинов қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады.

Жеке жарыстардың қорытындысы бойынша Ресей құрамасы төрт алтын, екі күміс және төрт қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте 19-22 қараша аралығында өтті. Аралас командалық жарыста Жапония құрамасы жеңіске жетіп, қатарынан бесінші рет чемпион атанды.



Біздің серіктес: Sport12kz