3 күн бұрын
Қазақстан дзюдодан Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады
Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың соңғы күнінде 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Ердәулет Жұмабай финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жеңіліс тапты. Осылайша, ол күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді алты медальмен аяқтады. Бұған дейін Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ал Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) пен Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Габит Расулхан (60 келіге дейін) мен Ерик Үсенов (66 келіге дейін) қола медаль еншіледі.
Біздің серіктес: Sport12kz