07.03.2025
Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогында қандай нәтиже көрсетті?
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Словенияның Ново-Место қаласында биатлоннан әлем кубогы кезеңі жалауын желбіретті.
Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 10 шақырым қашықтықтағы спринт бәсекесі өтті.
Аталған сында жарыс жолына шыққан отандастарымыздың арасынан ең үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Киреев мәре сызығын 64-ші болып қиды.
Басқа да биатлоншыларымыз Әсет Дүйсенов – 78-ші, Вадим Куралес – 87-ші, Кирилл Бауэр – 91-ші орынға тұрақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша франциялық Эмильен Жакен топ жарса, италиялық Томассо Джакомель күміспен күптелді. Ал үздік үштікті Норвегия құрамасының спортшысы Йоханнес Бё түйіндеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи