Матч орталығы
Премьер-лига Футбол Динамо Динамо 1:1 Аяқталды Краснодар Краснодар КХЛ Хоккей Авангард Авангард 3:1 Аяқталды Ак Барс Ак Барс А сериясы Футбол Ювентус Ювентус 4:0 Аяқталды Венеция Венеция КХЛ Хоккей Барыс Барыс 1:2 Аяқталды Динамо Минск Динамо Минск Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 2:2 Аяқталды Блэкберн Блэкберн Суперлига Футбол Коньяспор Коньяспор 2:4 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 3:4 Қос. уақытта Лозанна Лозанна Ла Лига Футбол Барселона Барселона 3:2 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Эредивизи Футбол Аякс Аякс 3:0 Аяқталды Ден Хааг Ден Хааг Лига 1 Футбол Париж Париж 4:0 Аяқталды Анже Анже А сериясы Футбол Сассуоло Сассуоло 0:2 Аяқталды Дженоа Дженоа А сериясы Футбол Болонья Болонья 1:1 Аяқталды Удинезе Удинезе Премьер-лига Футбол Халл Халл 2:0 Аяқталды Брайтон Брайтон Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 3:1 Аяқталды Майнц Майнц Ла Лига Футбол Расинг Расинг 3:2 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Сегунда Футбол Спортинг Хихон Спортинг Хихон 0:2 Аяқталды Лас Пальмас Лас Пальмас Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 1:1 90+6 Ренн Ренн Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 3:0 80 Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Бундеслига Футбол Вердер Вердер 3:0 73 Гамбург Гамбург Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 2:0 Аяқталды Rondinoni, Guadalupe Rondinoni, Guadalupe

05.11.2026

Халықаралық сарапшылармен спортты дамыту тәжірибесін талқыланды

Халықаралық сарапшылармен спортты дамыту тәжірибесін талқыланды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев PwC және Strategy& компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесуде спорт саласын стратегиялық тұрғыдан дамыту және Мажарстан тәжірибесі негізінде салалық талдауды қолдану мәселелері қаралды.

PwC Hungary өкілдері спорт менеджменті саласындағы жүзеге асырылған жобалар мен тәжірибелерді таныстырды. Тараптар Мажарстанның озық тәжірибесін Қазақстанның салалық стратегия әзірлеу, спорт нысандарының тиімділігін арттыру және туризмді дамыту бағытындағы міндеттері тұрғысынан талқылады.

Кездесу барысында спорт саласының қазіргі жай-күйін бағалау, дамытудың басым бағыттарын айқындау және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде талдамалық деректерді пайдалану мүмкіндіктері сөз болды. Сонымен қатар халықаралық тәжірибені отандық спорт жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеу мәселесіне баса назар аударылды.

PwC және Strategy& өкілдері Қазақстанда, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде жүзеге асырылған жобалар бойынша тәжірибесін ортаға салды.

Кездесуге Strategy& компаниясының Еуразия өңіріндегі серіктесі Бақтияр Бектұрсынов, Strategy& Eurasia менеджерлері Әсел Зенел мен Дина Қызырова, PwC Kazakhstan компаниясының спорт менеджменті жөніндегі сарапшысы Руслан Әбдірахманов, сондай-ақ PwC Hungary компаниясының серіктесі Сабольч Мезеи және менеджерлері Балинт Рипперт пен Мате Тёрёк қатысты.

Еске салсақ, Қазақстанда жаттықтырушының жалақысы 30%-ға артты.




Біздің серіктес: Sport12kz