05.11.2026
Халықаралық сарапшылармен спортты дамыту тәжірибесін талқыланды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев PwC және Strategy& компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесуде спорт саласын стратегиялық тұрғыдан дамыту және Мажарстан тәжірибесі негізінде салалық талдауды қолдану мәселелері қаралды.
PwC Hungary өкілдері спорт менеджменті саласындағы жүзеге асырылған жобалар мен тәжірибелерді таныстырды. Тараптар Мажарстанның озық тәжірибесін Қазақстанның салалық стратегия әзірлеу, спорт нысандарының тиімділігін арттыру және туризмді дамыту бағытындағы міндеттері тұрғысынан талқылады.
Кездесу барысында спорт саласының қазіргі жай-күйін бағалау, дамытудың басым бағыттарын айқындау және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде талдамалық деректерді пайдалану мүмкіндіктері сөз болды. Сонымен қатар халықаралық тәжірибені отандық спорт жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеу мәселесіне баса назар аударылды.
PwC және Strategy& өкілдері Қазақстанда, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде жүзеге асырылған жобалар бойынша тәжірибесін ортаға салды.
Кездесуге Strategy& компаниясының Еуразия өңіріндегі серіктесі Бақтияр Бектұрсынов, Strategy& Eurasia менеджерлері Әсел Зенел мен Дина Қызырова, PwC Kazakhstan компаниясының спорт менеджменті жөніндегі сарапшысы Руслан Әбдірахманов, сондай-ақ PwC Hungary компаниясының серіктесі Сабольч Мезеи және менеджерлері Балинт Рипперт пен Мате Тёрёк қатысты.
Еске салсақ, Қазақстанда жаттықтырушының жалақысы 30%-ға артты.
Біздің серіктес: Sport12kz