5 сағат бұрын
Астанада WADA Құрылтайшылар кеңесінің отырысы өтті
Астанада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Құрылтайшылар кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Оған ұйым президенті Витольд Банька, бас директоры Оливер Неггли, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және 50-ден астам елдің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде допингке қарсы күрес жүйесін жетілдіру, халықаралық кодексті іске асыру, спортшылар арасында таза спорт мәдениетін қалыптастыру және ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері қаралды.
Ербол Мырзабосынов Қазақстанның әділ бәсекелестік қағидаттарын ұстанатынын айтып, ұлттық допингке қарсы жүйені нығайту мен жас спортшыларға білім берудің маңызын атап өтті.
Айта кетейік, 2025 жылғы қазанда Витольд Банька Қазақстанға сапармен келген еді. Биыл екі тарап допингке қарсы білім беру, ғылыми зерттеулер және халықаралық тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумға қол қойды.
Біздің серіктес: Sport12kz