02.12.2025
Усик толық чемпиондық белбеулерін қайтарып алмақ
Александр Усик қайтадан абсолютті чемпион атағын иеленуге бел буып отыр. Жеңілмеген украиналық боксшы, қазіргі таңда суперауыр салмақтағы WBC, IBF, WBA Super, IBO және The Ring белбеулерінің иегері, жуырда жоғалтқан бір титулына қатысты пікір білдірді.
Усиктің айтуынша, ол мойымай, толық чемпиондық комплектті қайтаруды жоспарлап отыр.
«Тыңдаңыздар, менде төрт белбеу болды, иә? Қазір — үшеу. Көп адам: “Сен енді абсолют чемпион емессің” дейді. Жарайды, бұл — уақытша», — деп келтіреді оның сөзін The Ring журналы.
Айта кетейік, Усик соңғы жекпе-жегін биыл шілдеде өткізіп, британдық Даниэль Дюбуаға нокаутпен жеңген.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!