2 күн бұрын

Шавкат Рахмоновқа UFC-де жаңа жекпе-жек ұсынылды

Шавкат Рахмоновқа UFC-де жаңа жекпе-жек ұсынылды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласына қатысты жаңа ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Heavy.com журналисті Адам Мартин жартылай орта салмақтағы басты жекпе-жектерді біріктіретін шағын турнир ұйымдастыруға болатынын жазды.

Бұған Майкл Моралестің соңғы мәлімдемесі түрткі болған. Эквадорлық спортшы қазіргі чемпион Ислам Махачевпен, Карлос Пратеспен және Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін айтқан. Моралес қазақстандық файтерді дивизиондағы «соңғы босс» деп атады.

Мартиннің пікірінше, UFC Махачев пен Пратесті бір-біріне қарсы қойса, екінші жұпта Рахмонов пен Моралес жекпе-жек өткізе алады. Бұл кездесулер келесі титулдық жекпе-жекке үміткерлерді анықтауға мүмкіндік бермек.

Алайда Рахмонов алдымен жарақатына байланысты ұзақ үзілістен кейін толық қалпына келуі қажет. Қазақстандық спортшының октагонға оралғаннан кейінгі қарсыласы әзірге белгісіз.



Біздің серіктес: Sport12kz