06.11.2026
«Қазақ Сехудосының» RCC лигасындағы дебюті өтпейтін болды
Қазақстандық ММА файтері, «Қазақ Сехудо» лақап атымен танымал Дамир Төленов (12-1) RCC лигасындағы алғашқы жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Төленов 7 қарашада Екатеринбургте өтетін RCC Intro 40 турнирінде ресейлік Валмир Галиевке (12-2-1) қарсы октагонға шығуы керек еді. Алайда Дамир Instagram парақшасында қарсыласының денсаулығына байланысты кездесу өтпейтінін хабарлады.
«Ассалаумағалейкум, баршаңызға! 7 қарашаға жоспарланған жекпе-жек өтпейтін болды. Қарсыласым ауырып қалды. Біз дайын едік, бірақ оған лайықты алмастырушы табылмады. Демек, тағдыр солай шешкен болар. Баршаңызға рақмет! Әлі міндетті түрде жекпе-жекке шығамыз», – деп жазды файтер.
Дамир Төленов – қазақстандық OCTAGON лигасының аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы.
RCC Intro 40 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Темірхан Темірханов (16-1) пен бразилиялық Раймундо Батиста (19-3) кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz