07.11.2026
Қайрат Ахметов ACA 210 турнирінде өнер көрсетеді
ONE Championship ұйымының бұрынғы чемпионы, қазақстандық ММА файтері Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегін 4 желтоқсанда Бішкекте өтетін ACA 210 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жеңіл салмақтағы қарсыласы Қырғызстанның Octagon промоушенінің қазіргі чемпионы Руслан Касымалы уулу болады. Жеңіліп көрмеген қырғызстандық файтер үшін бұл ACA лигасындағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Ол өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетеді.
Қайрат Ахметов үшін бұл ресейлік ұйым аясындағы екінші жекпе-жек болады. Қазақстандық спортшы соңғы кездесуін 2026 жылғы 9 қаңтарда Грозныйда өткен ACA 198 турнирінде өткізді. Ол лигадағы дебютінде ресейлік Мансур Хатуевті төрешілердің бөлінген шешімімен жеңген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz