7 сағат бұрын
Қазақстандық файтер Жапонияда қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық ММА файтері Нұрхан Жұмағазы (11-1) Жапонияның Тиба қаласында өткен RIZIN 55 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жапон промоушені «болашағынан зор үміт күттіретін жұлдыз» деп бағалайтын отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Кён Пхё Киммен (15-5) кездесті. Жеңіл салмақта өткен үш раундтық жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Нұрхан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Жұмағазы кәсіби мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар RIZIN лигасында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. Ал Кён Пхё Ким мансабындағы алтыншы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, жекпе-жек алдында Нұрхан жеңіске жеткен жағдайда RIZIN чемпионы атағы үшін таласқысы келетінін айтқан болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz