Матч орталығы
ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 3:1 Аяқталды Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 2:2 Аяқталды Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 1:2 Пенальтиден соң Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал Қазақстан чемпионаты Хоккей Номад Номад 19:30 23.11 Торпедо Торпедо МХЛ Хоккей Динамо Динамо 6:3 Аяқталды Крылья Советов Крылья Советов Словения бірінші лигасы Футбол Копер Копер 2:0 Аяқталды Алюминий Алюминий УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 2:0 Аяқталды Кайрат Алматы Кайрат Алматы УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал ФК Бейтар ФК Бейтар 2:18 Аяқталды Спортинг Спортинг УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Кауно Жальгирис Кауно Жальгирис 2:3 Аяқталды Бенфика Бенфика АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Иттихад Аль Иттихад 2:0 87 Пахтакор Пахтакор Челленджер Флорианополис Теннис Оскар Хосе Гутьеррес Оскар Хосе Гутьеррес 2:0 Аяқталды Lino, Carlos Eduardo Lino, Carlos Eduardo Челленджер Сан-Сальвадор Теннис Офек Шиманов Офек Шиманов 0:1 2-сет Fradkin, Jeffrey Fradkin, Jeffrey А сериясы Футбол Монца Монца 0:0 15 Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Бүгін Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Бүгін Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Бүгін Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Бүгін ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Бүгін Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Бүгін Аль-Садд Аль-Садд

10.11.2026

Дана Уайт Ақ үйдің баспасөз хатшысы болудан бас тартты

Дана Уайт Ақ үйдің баспасөз хатшысы болудан бас тартты

UFC ұйымының басшысы Дана Уайт АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйдің баспасөз хатшысы болу туралы ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Уайт Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатына қатысып, бұл қызметке барғысы келмейтінін ашық айтты. Бұған дейін Трамп әлеуметтік желіде UFC басшысын баспасөз хатшысы етіп тағайындауы мүмкін екенін жазған. Бұл ақпарат БАҚ-та қызу талқыланғанымен, кейін АҚШ президенті мұны әуелде әзіл ретінде айтқанын мойындады.

«Мен президентке ешнәрседен бас тартпаймын. Бірден “жоқ” деп айтқан жоқпын. Маған барлық дерлік БАҚ өкілдері хабарласты. Бірақ президенттің өзі бұл туралы пікір білдіргенше, құрметсіздік танытып, ештеңе айтқым келмеді. Ұсынысыңызға рақмет, президент мырза. Алайда саясатпен айналысуға ниетім жоқ», – деді Уайт.

Осыдан кейін Трамп UFC басшысына мұндай ұсыныс жасау идеясы қалай пайда болғанын түсіндірді.

«Баспасөзбен байланыс тұрғысынан өте сәтсіз күндердің бірі болды. Неліктен екенін білмеймін, бірақ кенеттен Дана Уайттың есімі ойыма оралды. Біз онымен көп жылдан бері доспыз. Журналистер тобына: “Дана Уайтты жаңа баспасөз хатшым етіп тағайындаймын деп ойлап отырмын” дедім. Сөйтіп, әңгіме аяқталды.
Мен әзілдеген едім, бірақ олар мұны шындап айтқандай жазды. Соның салдарынан Данаға да, маған да көптеген қоңырау мен сұрақ түсті. Ол бәрібір осында келмек болғандықтан, аздап көңіл көтеріп, оны шақыруды жөн көрдік. Ол бұл жұмысты керемет атқарар еді», – деді Трамп.

Айта кетейік, Дана Уайт пен Дональд Трамптың таныстығына жиырма жылдан асты. UFC басшысы АҚШ президентін бірнеше рет ашық қолдаған. Ал 2026 жылдың маусымында UFC Ақ үй аумағында турнир өткізген болатын.



Біздің серіктес: Sport12kz