3 сағат бұрын
Асу Алмабаевтың бапкері UFC-дегі жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (24-3) бапкері Эдуард Базров спортшының алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Біз өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге дайынбыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасап, көрермендерге тартысты, жарқын әрі әдемі жекпе-жек сыйлауға тырысамыз!» – деді бапкер.
21 қарашада Асу Алмабаев Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night 294 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – жапониялық файтер Кёдзи Хоригути (36-6).
Аталған турнир аясында тағы бір қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожай (12-2) да октагонға шығады. Ол америкалық Алик Лоренцпен (8-2) кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz