1 сағат бұрын
UFC Магомед Зайнұдиновтің келесі жекпе-жегін жариялады
UFC ұйымы жеңіл салмақта өнер көрсететін ресейлік файтер Магомед Зайнұдиновтің келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Ол 17 қаңтарда Далласта өтетін UFC Fight Night 296 турнирінде перулік Пьеро Гуайлупомен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Чанко» лақап атымен танымал Зайнұдинов әзірге кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде тоғыз жеңіс бар.
Ол әуесқой муай-тайдан екі дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, Ресейдің бірнеше дүркін және Дағыстанның алты дүркін чемпионы атанған.
Зайнұдинов ММА-дегі кәсіби мансабын 2021 жылдың ақпанында EFC Eagle Fighting Championship: Selection турнирінде бастаған. Алғашқы жекпе-жегінде Рамиз Исмаиловты нокаутпен жеңген.
Оның алдағы қарсыласы Пьеро Гуайлупо да жеңіліссіз келеді. Перулік файтердің есебінде 12 жеңіс бар, оның 10-ын нокаутпен аяқтаған.
Біздің серіктес: Sport12kz