31 минут бұрын
«Мен ешқашан артқа шегінген емеспін»: Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі өнеріне қатысты пікір білдіріп, кезінде өзін сынаған жанкүйерлерге жауап берді.
Спортшы бұл туралы Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирі кезінде Instagram парақшасында жазды.
Жұмағұлов UFC-де өнер көрсеткенде мықты қарсыластардан қашпағанын айтып, әр спортшының өз деңгейі мен жолы бар екенін атап өтті.
«Мен жекпе-жекке шыққанда ешқашан артқа шегінген емеспін. Қазір көпшілік менің қандай деңгейдегі спортшы екенімді түсінді деп ойлаймын. Мен ешкімнің жеңілісіне қуанбаймын және ешкімге жамандық тілемеймін», – деп жазды файтер.
Сондай-ақ ол мансабын ерте аяқталды деп есептеп, мүмкіндігін төмен бағалағандарға да үн қатты.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 2020–2023 жылдары UFC-де өнер көрсетіп, алты жекпе-жектің бірінде жеңіске жеткен. Ұйымнан кеткен соң да кәсіби мансабын жалғастырып келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz