46 минут бұрын
ACA 210 турнирінде Қазақстанның бес файтері өнер көрсетеді
Қазақстанның бес файтері 4 желтоқсанда Бішкекте өтетін ACA 210 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирде ел намысын Олжас Есқараев, Айваз Адинов, Асылжан Бақытжанұлы, Қайрат Ахметов және Серік Разғалиев қорғайды.
Олардың арасындағы ең тәжірибелісі – Қайрат Ахметов. Оның кәсіби рекорды – 31 жеңіс және 2 жеңіліс. Ал Олжас Есқараевтың еншісінде 17 жеңіс, Айваз Адиновта 8 жеңіс, Асылжан Бақытжанұлында 19 жеңіс, Серік Разғалиевте 12 жеңіс бар.
ACA 210 турнирінің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Жақшылық Мырзабеков (15-2) пен ресейлік Альберт Туменов (24-7) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Айта кетейік, қазақстандық бес файтердің қарсыластары әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz