7 сағат бұрын
Асудың бапкері Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі үшінші жеңісіне баға берді
DAR Team бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың UFC ұйымындағы қатарынан үшінші жеңісіне пікір білдірді.
«Дияр жарады! Жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қарсыласы да осал емес еді. Диярдың жақсы дайындалғаны және октагонда өз жұмысын 100 пайыз орындағаны көрініп тұр. Алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!» – деді Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: Sport12kz